Атырау, 13 қыркүйек 16:48
 дождьВ Атырау +27
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Мемлекеттік нөмір енді Атырауда да жасалады

Сурет
4 584 рет қаралды

Енді мемлекеттік көлік нөмірі Атырауда да шығарылады. Астана мен Алматыдан кейін мұнайлы астана нөмір жасалатын үшінші қала болды.

Қарашаның соңынан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық-өндірістік орталығында мемлекеттік нөмірлерді шығаратын қондырғы іске қосылды. Егер бұған дейін көлік иелері оларды үш апта күткен болса, қазір оған 3-4 күн кетеді.

Станок күніне сандар мен әріптері бар 400-500 металл табақ шығарады. Мамандандырылған ХҚКО баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері 27818 жүргізуші куәлігі мен 54 846 мемлекеттік нөмір берілген.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 желтоқсан 2020, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.