Атырау, 4 шілде 21:24
 дождьВ Атырау +30.3
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

ТШО-да – жаңа бас директор

4 137 рет қаралды

«Kazservice» мұнай сервистік компаниялар одағының хабарлауынша, бұрын Chevron IndoAsia Business Unit басқарушы директоры қызметін атқарған Кевин ЛАЙОН «Теңізшевройл» ЖШС жаңа бас директоры болды.

Ал 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ТШО-ны басқарған Имер БОННЕР «Chevron» бас кеңсесінде жаңа қызметке ауыстырылды. Енді Кевин Лайон одан жұмысын қабылдап жатыр, ол келесі жылдың 1 ақпанында ресми түрде бас директор болып тағайындалады.

ТШО баспасөз қызметі ресми ақпаратты сәл кейін ұсынуға уәде етті.

Нұргүл  ХАЙРУЛЛИНА

10 желтоқсан 2020, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.