Атырау, 19 мамыр 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Досын әскерге "осылай" шығарып салды

Бейнежазба
3 691 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желіде құрдастарының арасында бір жас жігіттің гитарасын жолаушылар пойызының вагонына ұрып сындырып, жанында тұрған егде әйелді шошытқаны түсірілген видео таралып жатыр. Сөйтсек, олар достарын әскер қатарына осылай шығарып салған екен.

- «Ақтөбе-Атырау» бағытындағы пойыз Сағыз станциясында тұрған кезде 17 жастағы жергілікті тұрғын қоғамдық орында айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Құқық бұзушы досын Атырау қаласының әскери комиссариатына шығарып салған кезде «эмоцияға берілгенін»  түсіндірді, - деп хабарлады ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті.

Осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-тармағы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. «Шығарып салушыға» 5 АЕК айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

10 желтоқсан 2020, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.