Атырау, 19 мамыр 11:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда жаңа жылдық корпоративтік кештер өткізуге тыйым салынды

4 130 просмотра

Атырауда жаңа жылға арналған бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынды. Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ мәлімдеді.

- Жаңа жылдық кештер мен корпоративтік іс-шаралар өткізуге тыйым салынады, - деді Жұмағалиев. - Сондай-ақ отбасылық, салтанатты шаралар, банкеттер, үйлену тойларын, мерейтойлар, еске алу шараларын, оның ішінде үйде, басқа да көп адам жиналатын шаралар өткізуге салынған тыйым сақталады.

Карантин ережелерін бұзғаны үшін айыппұл мөлшері: жеке тұлғалар үшін 30 АЕК (83 340 теңге), шағын бизнес субъектілері үшін 230 АЕК (638 940 теңге), орта бизнес үшін - 310 АЕК (861 180 теңге), ірі бизнес үшін - 1600 АЕК (4 444 800 теңге).

Айнұр САПАРОВА

10 желтоқсан 2020, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.