Атырау, 23 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Түрмеге жолданған сәлемдемелер рентгенмен де тексеріледі

4 002 рет қаралды

8 желтоқсанда Атыраудағы тергеу изоляторында рентген аппараты арқылы сәлемдемелерді тексеру кезінде ыстық тамақтың ішіне жасырылған 4 ұялы телефон табылды.  Бұл сәлемдеме есірткі мен қаруды заңсыз сақтағаны үшін істі болған күдіктіге арналғаны анықталды.

- Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде заңсыз сәлемдеме иесіне жетпей, заң бұзушылық дер кезінде анықталды. Қазір 24 жастағы «курьер» ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді тергеу изоляторының күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек РАХМАНОВ.

Қазіргі уақытта тергеу изоляторына әкелінетін барлық сәлемдеме «Адани» рентген аппараты арқылы тексеріледі, бұл заңсыз сәлемдемелердің тиімді анықтауға мүмкіндік береді. 

- Өткен аптада ішіне жасыл түсті белгісіз нәрсе мен медициналық препарат салынған йогуртты тергеу абақтысына өткізбек болған әрекеттің жолы кесілді. Сәлемдеме сараптамаға жіберілді, - деді Рахманов. 

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жолдаған сурет

9 желтоқсан 2020, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.