Атырау, 25 қараша 17:55
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әйел кредитін төлемеу үшін жынысын ауыстырған

3 613 просмотра

Ресейдің Ярославль қаласының тұрғыны 280 мың рубльге жуық кредит алып, жасырынып жүрген. Ол біраз уақыттан кейін табылды, әйел жынысын ауыстырып, жеке деректерін өзгерткен болып шықты, деп хабарлайды sputnik.kz

Ярославль облысы бойынша Федералды сот приставтары басқармасының баспасөз қызметі хабарланғандай, ол жеке деректерін өзгерткенмен кредиттен құтыла алмады. 280 мың рубль (шамамен 1,6 миллион теңге) өңірдегі қаржы мекемелерінің бірінің пайдасына өндірілді.   

"Борышкер қоңырауға жауап бермеген, сот приставтары оны бірнеше рет іздеп барды. Алайда ол көшіп кеткендіктен, ешқандай нәтиже бермеді. Борышкердің тұрғылықты жері анықталмауына байланысты оған іздеу жарияланды", - деп хабарлады ведомство.  

Көп ұзамай борышкер жынысын ауыстырып, тегін, аты мен әкесінің атын өзгерткені анықталды.

"Борышкер қарыздан құтыламын деген үмітпен ер адамға айналып, туу туралы куәліктің жазбасына өзгеріс енгізген. Сот приставтарының қырағылығы оның жоспарына кедергі болды", - деп жазылған басқарманың сайтында.  


9 желтоқсан 2020, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.