Атырау, 6 желтоқсан 16:55
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Францияда бортында 6 адамы бар тікұшақ апатқа ұшырады

3 634 рет қаралды

Францияда бортында алты адам болған тікұшақ сейсенбіде кешке Альпідегі Савойя департаментінде апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға 1800 метр биікте болған.

"Француз әуе навигациялық қызметінің тікұшағы сағат 19:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:00-де) апатқа ұшырады. Бортта төрт қызметкер мен екі құтқарушы болды", - деп хабарлады департамент префектурасының өкілі.

Құтқарушылар тікұшақтың бортында болған алты адамды іздестіріп жатыр. Префектураның коммюникесінде дабыл белгісін сағат 19.10-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00.10-да) "катапульт жасай алған тікұшақ ұшқышы" бергені айтылған.

Іздестіру үшін 40 құтқарушы, үш тікұшақ жұмылдырылды.

9 желтоқсан 2020, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.