Атырау, 25 қараша 17:46
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лукашенко мен Саргсянның Таулы Қарабақ туралы сөйлескені желіде тарап кетті

3 524 просмотра

Желіде Арменияның экс-президенті Серж Саргсян мен Беларусь басшысы Александр Лукашенконың Таулы Қарабақ туралы әңгімесінің жазбасы пайда болды. Онда екі көшбасшы Таулы Қарабақтың жеті ауданын Әзербайжанға беру нұсқаларын талқылайды. Саргсянның кеңсесі жазбаның түпнұсқалығын растады, - деп хабарлайды Sputnik Армения.

Әңгіме барысында Лукашенко Саргсянға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің ұсынысына келісуді айтады. Бірақ Саргсян аудандарды алғаннан кейін Әзербайжан президенті соғысты бастамайтынына күмән келтіреді.

"Сіздің позицияның әлсіз. Мен жеті ауданды бермеймін, өйткені сіз бірден маған қарсы соғыс бастайсыз. Ал егер ол басталмаса?" - дейді Лукашенко Саргсянға.

Армян көшбасшысы жауап ретінде "егер ол басталмаса деген нені білдіреді? Ал егер ол бастаса? Александр Григорьевич, неге бұлай бере салу керекпіз, мен түсінбеймін" дейді.

Лукашенконың айтуынша, Әлиев Арменияға бірінші кезеңде бес миллиард (доллар) төлеуге дайын. Ал Армения президенті Әлиевке алты миллиард беруге дайын екенін айтады және ол осы аудандардан бас тартсын дейді.

Дегенмен, Саргсянның айтуынша, ол осы жеті ауданды бере алмайды, өйткені онда бес мың армян жауынгерінің қаны төгілген.

"Одан не болыпты? Бізде 30 миллион адам қайтыс болды, бірақ біз немістермен соғыспаймыз", - дейді Лукашенко.
8 желтоқсан 2020, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.