Атырау, 23 желтоқсан 14:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Облыстық әкімдік картоптың шекті бағасын белгілейді

3 896 рет қаралды

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, картопқа шекті баға белгілеу туралы облыс әкімінің шешімі әзірленуде. Алдын ала болжамды шекті бағасы - бір келісіне 120 теңге. Ал Атыраудың 4 базарынан тұрақтандыру қорындағы картопты сату нүктелері ашылмақ. Ол жердегі бағаны 100 теңге деп белгілеу жоспарланып отыр.

Мұнымен қатар, Желаев астық өнімдері комбинатымен 500 тонна 1-сұрыпты ұн жеткізу туралы келісім жасалды. Облысқа тағы 500 тонна «әлеуметтік» ұн жеткізуді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл партия жергілікті бюджеттің резервінен 376,85 миллион теңге болатын траншпен төленеді - ол «Идеал» ЖШС-не әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорын сатып алуға 400 миллион теңге несие бөлінгеннен қалған резерв.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 желтоқсан 2020, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.