Атырау, 24 сәуір 18:30
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атыраудан Теңізге тағы 8 медқызметкер жіберілді

3 629 просмотра

Денсаулық сақтау басқармасы Теңіз кенішінде коронавируспен ауырған науқастар санының артуына байланысты ол жаққа 8 маманды қосымша мамандар жіберуге шешім қабылдады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Теңіз кен орнындағы 315 орындық инфекциялық стационарда 15 маман жұмыс істеуде. Қазір мұнда 111 науқас ем алуда. Осылайша, аурухананың жүктемесі 35,2 пайыз болып отыр. Енді ол жаққа 8 медик - 2 дәрігер, 2 мейірбике және 4 санитар жіберіледі.

Айта кетейік,  қараша айынан бастап Теңіз кен орнында коронавирус инфекциясын жұқтырған 140 жағдай тіркелді.  Оның 71-і соңғы 4 тәулікте тіркеліп отыр.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

4 желтоқсан 2020, 19:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.