Атырау, 26 сәуір 17:22
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Атырау облысы «сары аймаққа» кірді

4 656 просмотра

Атырау облысы COVID-19 таралу қарқыны бойынша сары аймаққа кірді. Бұл туралы бүгін, 4 желтоқсанда белгілі болды.

Қазір Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары қызыл аймақта, ал Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта орналасқан. Қалған өңірлер салыстырмалы түрде қолайлы саналатын жасыл аймақта.

Соңғы тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясының 28 жағдайы тіркелді, ал кеше 31 болды – оның 5 Атырау қаласының тұрғыны, 23 Теңіз кенішінің қызметкері және 3 Жылыой ауданының тұрғыны.

Денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясы анықталған  барлық науқастарда ауру белгісі байқалмайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, 136 науқас үйден ем қабылдап жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда 32 науқас, аудандық инфекциялық стационарда - 8, ал Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда тағы 102 адам емделуде.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ
Қазақстанның барлық өңірі 3 аймаққа бөлінген: қызыл, сары және жасыл. Өңірлерді осылай бөлу екі көрсеткішке байланысты: R көрсеткіші (инфекцияның көбеюі немесе науқаспен байланыста болған адамға жұғу көрсеткіші, жұқтырғандар саны) және соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттану көрсеткіші. Қызыл аймаққа сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 50-ден асатын және R көрсеткіші 1-ден асатын өңірлер жатады. Сары аймаққа - 100 мың тұрғынға шаққанда 20-дан 50-ге дейін науқас тіркелсе және R көрсеткіші 1-ден жоғары болса енеді. Жасылда – індетті жұқтырғандар саны 50-ден аз және R көрсеткіші 1-ден төмен болу керек. 
4 желтоқсан 2020, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.