Атырау, 20 сәуір 02:36
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Полицейлер табельдік қару қолдануға мәжбүр болды

4 107 просмотра

Атырау облысының полицейлері табельдік қарудан оқ атуға мәжбүр болды. Заң бұзушылардың өзі полиция қызметкерлеріне бірінші болып оқ атқан.

Бұл оқиға түнгі сағат бір шамасында Жылыой ауданы Майкөмген ауылының маңында болған. Полиция қызметкерлері тоқтатпақ болған "УАЗ 390945-441" көлігінің  жүргізушісі заңды талаптарға бағынбады. Қуып келе жатқан полиция қызметкерлерінің  "Нива" көлігіне қашқан көліктен жолаушының бірі оқ атады. Тәртіп сақшылары табельдік қарудан алдымен аспанға қарай ауаға, содан кейін дөңгелектерге бір рет ескерту ретінде оқ атқаннан кейін  ғана "УАЗ " тоқтатылды.

- Нәтижесінде оқиға орнында, Маңғыстау облысы, Боранқұл ауылының  25 жастағы тұрғыны - күдікті ер адам ұсталды. Одан 16 калибрлі "ИЖ" маркалы тіркелмеген аңшылық мылтық тәркіленді", - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат тергеу изоляторына қамауға алынды.

Полицейлердің айтуынша, олар қаруды өте сирек қолданады, онда да ерекше жағдайда. Бұл жыл басталғалы Атырау облысында табельдік қару қолданылған алғашқы оқиға.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 желтоқсан 2020, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.