Атырау, 14 қазан 09:25
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Нан дүкендерде қымбаттады, ал супермаркетте әзірге бұрынғы бағамен сатылуда

4 726 просмотра

2 желтоқсаннан бастап Атыраудағы азық-түлік дүкендерінің көбінде ақ нанның бағасы 90 теңгеден 95 теңгеге қымбаттады.

Қымбаттаудың басты себебі - І сұрыпты ұннның бағасы Қазақстан бойынша орта есеппен 22 пайызға: келісі 140 теңгеден 172 теңгеге ("Желаевский", Орал), 140-тан 170 теңгеге ("Патша", Қостанай), 144 теңгеден 172 теңгеге ("Белес", Ақтөбе) өсуімен байланысты дейді қала әкімдігінде.

2020 жылдың 4-тоқсанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің шекті баға мөлшеріне сәйкес, І-сұрыпты ұннан дайындалған әлеуметтік нанның жарты келісінің бағасы 94,5 теңгеден аспауы тиіс. Бірақ жергілікті билік нанның құны шекті бағадан асқан жоқ деп санайды. Бұл ретте қаладағы ірі супермаркеттердегі нанның бағасы бойынша мониторинг деректерін алға тартты: 1 нанды «Марко» - 78 теңге, «Идеал» - 80 теңге, «Ярмарка» - 85 теңге, «Анвар» - 90 теңгеден сатуда. Демек, «әлеуметтік нанның» орта есеппен келісі 169 теңге немесе бір қалаш нан 84,5 теңгеден келеді. Шекті бағадан асу үшін әлі 1 теңге жетпейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

4 желтоқсан 2020, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.