Атырау, 17 қаңтар 23:10
 бұлыңғыр болады В Атырау -2
$ 420.71
€ 516.13
₽ 5.65

Итіңіз қапқаны үшін жауап бересіз

2 606 рет қаралды

Атырауда адамға шабатын қабаған иттің иелері жауапқа тартылуда.

15-22 қазан аралығында бір апта ішінде 9 баланы ит қауып алған. Бесеуіне бұралқы иттер шапқан болса, үшеуі көршінің итінен зардап шеккен, ал бір балаға өзінің иті тиген. Зардап шеккендердің бәрі жеңіл жарақат алған. Жақында қала маңында екі жасар баланы ит талап, бас және қол жарақатымен ауруханаға түскен еді. Бұл Атырауда өз үйіндегі иттің адамға шапқан  жалғыз фактісі емес. Осыған байланысты Атырау полициясы тұрғындарға үй жануарларын асырағанда, оларды серуендету мен ұстаудың барлық ережесін қатаң сақтай отырып, жауапкершілік танытуға шақырады. ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес ережені бұзғаны үшін үш АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Атырау облысында жыл басынан бері үй жануарларын ұстау және серуендету ережесін бұзған 700-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 желтоқсан 2020, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.