Атырау, 16 қаңтар 22:58
 бұлыңғыр болады В Атырау -4
$ 420.71
€ 516.13
₽ 5.65

Атырауда алаяқ біреудің қайғысын пайдаланған

2 683 рет қаралды

Атырау тұрғыны өзінің қаржылық мәселесін шешу үшін науқас сәбидің еміне қаражат жинау туралы бөгде біреудің жарнамасын пайдаланған.

Жас әйел 40 мың теңге қарызын жабудың амалын іздеп, Instagram желісінде церебралды сал ауруымен ауыратын үш жасар баланың еміне қаражат жинау туралы жарнаманы көреді. Әйел сол әлеуметтік желіден парақ ашып, қалай қаражат жинауға болатынын ойластырады. Ол емге көмек сұраған жарнаманы пайдаланып, науқас сәбидің суретін жариялап, банк деректемелерін өзгертеді.

- Жалған хабарландыруды баланың анасы кездейсоқ көріп қалып, полицияға хабарласқан, - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Тәртіп сақшылары жалған хабарландыру берген әйелді – облыс орталығының 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ештеңеге күмән келтірмеген жандар 200, 500, 2000 теңгеден қолдарынан келгенше ақша аударыпты. 16-23 қараша аралығында оның 37 мың теңге жинап үлгергені анықталды. Тергеуге алынған әйел бұл соманы шынайы хабарландыру иесіне – науқас баланың анасына берді. Ол кешірім бергенмен, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жалғасуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 желтоқсан 2020, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.