Атырау, 20 сәуір 11:15
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жол қиылысындағы балалар алаңы

Сурет
3 994 просмотра

Жақында Авангард 4-ықшам ауданында бұрын Ахмет ата жерленген жерге балалар алаңы орнатылды. Бейіт 2018 жылы басқа жерге көшірілді, ал Владимирский көшесі кеңейтіліп, қайта жаңартылды.

Бұл учаскеге тас төселіп, ойын сырғанақтары мен әткеншектер орнатылды. Бәрі жақсы-ау, тек бұл ойын алаңы ешқандай нормативтер мен ережелерге сай келмейді.

Біріншіден, ол қоршалмаған, қаладағы қозғалысы көп көшелердің бірінің қиылысында, көлік жолына бірнеше метр қашықтықта орналасқан. Екіншіден, соққы сіңіретін не құмды, не резеңке, не синтетикалық жабыны жоқ.

Ойын алаңдарын орнату ережелеріне сәйкес, оларды ыстық пен желдің әсеріне ұшыратып, ашық жерге орнатпаған жөн. Оларды көлік жолының жанына орнатпау керек, өйткені шу мен көліктен шыққан түтін балалардың денсаулығы мен көңіл-күйіне кері әсер етеді. Сондай-ақ, алаң жолдан оқшау болуы керек. Қарапайым нәрселер, бірақ...

Біз хабарласқан қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл алаңды мердігер компания Владимирский көшесін қалпына келтіру жұмыстары кезінде орнатқанын, қазіргі уақытта нысан қала әкімшілігіне әлі берілмегенін айтты. Бірақ қала әкімдігі жақын арада алаң толығымен қоршалады деп сендірді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

2 желтоқсан 2020, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.