Атырау, 25 қараша 17:18
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Биолог коронавирустың адам күтпеген салдары барын анықтады

3 334 просмотра

Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова коронавирустың адам күтпеген салдары барын анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, қараша айында коронавируспен ауырып шыққан адамдарға жүргізілген зерттеудің нәтижелері белгілі болды.

"Бұл науқастардың барлығы амбулаториялық ем алды. Кейбірі ғана ауруханаға жатқызылды. Олардың 70 пайызында ішкі ағзалардың патологиясы байқалды. Науқастардың көбінің бауыры мен ұйқы безі қызметінің бұзылғаны анықталған. Әдетте мұндай диагноздар 60 жастағы адамдарға қойылады, бірақ бұл жолы коронавируспен ауырып шыққан 40 жастағы адамдарға осындай диагноз қойылды", - дейді профессор.

Осылайша, Баранова коронавируспен ауырып шыққандар ерте қартаяды деген пікірге келді.

Сарапшының айтуынша, мұндай зерттеулер көбірек жүргізіліп, коронавирус инфекциясының салдары толығырақ зерттелуі керек.


2 желтоқсан 2020, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.