Атырау, 23 желтоқсан 10:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​«Қабірді ешкім қиратпаған, олар ескірген»

Сурет
4 194 рет қаралды

Атырау қаласының тұрғыны Самал АБИРОВА әлеуметтік желіге Тасқала кентіндегі бейіттердің суретін салды. 29 қарашада ол әкесімен бірге зират басына барғанда әжесінің бейітінің қабырғасы қирап, қабірдің ішінен шұңқыр пайда болғанын байқаған.

- Әжемнің қабірі қазылған, мына бұзақылар моладан не іздегенін білмеймін... Осы маңдағы басқа қабірлер де қиратылған. Бұл кірпіштерді олар сатады... Мына зират қарақшыларында еш қасиет жоқ, - деп жазады С.Абирова.

Полиция бұл ақпаратты оқиға орнына барып тексерді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі «АЖ»-ға хабарлағандай, вандализм фактісі расталған жоқ:

- Тасқала ауылындағы ескі Қамысмола зиратындағы қабірлер табиғи құбылыстың әсерінен және тозығы жеткеннен құлаған. Бұл мазарлар 30-40 жыл жыл бұрын салынған. Ағаш тақтайлардың табиғи жолмен ыдырауынан топырағы да төмен қарай опырылған. Кірпіштер де ұрланбаған, тек мазардың ішіне қарай құлаған.

Айнұр САПАРОВА

Сурет әлеуметтік желіден алынды

1 желтоқсан 2020, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.