Атырау, 26 сәуір 16:28
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Атырауда жаңа 50 трансформатор орнатылуда

4 037 просмотра

Энергиямен жабдықтау мәселесін шешу үшін жазда орнатылуы тиіс 50 трансформаторды қала әкімдігі қазір қондыруға кірісті. Кідірудің себебі - коронавирус пандемиясы.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау әкімдігінің ТКШ бөлімі «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-нан әрқайсысы 3 412 452 теңгеден 50 трансформатор сатып алды. Бұл мақсатқа барлығы 170 млн теңге бөлінген.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір көп қабатты тұрғын үй кешендері мен жеке секторда да трансформаторлар ауыстырылуда. Мәселен, 32 көшесі бар және іркіліс жиі байқалатын «Лесхоз» ықшамауданында жұмыс істеп тұрған трансформаторларға қосымша әрқайсысы 630 кВА болатын екі жаңа трансформатор орнатылды. «Толқын» ықшамауданының тұрғындарына электр қуаты енді жаңа трансформатор арқылы беріледі. Сонымен қатар, энергетиктер жаңа қондырғыны «Жерұйық» ықшамауданы мен қала маңындағы Ақсай ауылдық округінде орнатты. Ендігі кезекте Ескі әуежай, Геолог, Балықшы, Жұмыскер ықшамаудандары тұр.

Бұл электр қуатымен байланысты көпжылдық, әсіресе, жаз мезгілінде туындайтын мәселелерді шешетініне кала әкімдігі сенімді. Жаңа қосалқы станцияларға 5 мың отбасын қосу жоспарланып отыр. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

1 желтоқсан 2020, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.