Атырау, 19 сәуір 05:03
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жаңа жыл мерекесіне қаржы бөлінбейді

4 158 просмотра

Биыл үнемдеу мақсатында жаңа жылдық мереке қарсаңында қала көшелерін безендіруге бюджеттен ақша бөлінбейтін болды.

Қала әкідігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтырғы безендіру әшекей бұйымдары қолданылады. Бірақ, демеушілерден ұсыныс түсіп жатса, ешкім қарсы болмайды, қайта, мұнайлы астанамыз жайнай түсері сөзсіз.

Атырауда жаңа жылдық мерекеге бөлінетін қаражат мөлшері жыл өткен сайын азайып келеді – екі жыл бұрын осы мақсатқа 61 млн теңге бөлінсе, 2020 жылды қарсы алуға 18 млн бөлінген. Мерекенің негізгі кейіпкері – үлкен шырша (погон таққан) орталық алаңда осымен үшінші жыл қатарынан құрылайын деп тұр.  

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

1 желтоқсан 2020, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.