Атырау, 20 сәуір 16:03
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жыр болған жөндеу

Сурет Бейнежазба
3 836 просмотра

Мақат кентіндегі 250 келушіге арналған емханада (мұнда аурухана да орналасқан) жыл жарымнан бері ұзаққа созылған күрделі жөндеу жүріп жатса да, жұмысын жалғастыруда. Ал бұл ақхалаттылар мен науқастарға ыңғайсыздық туғызып тұр.

- Қашан келсең де - бітпейтін бір жөндеу. Кабинеттерді іздеп жүргенің. Медициналық аппараттар бірінші қабатта орналасқан, ал жөндеу әлі бітпеген, - дейді мақаттықтар. 


Расында, бірінші қабаттың кейбір бөлмелерінің қабырғасын бұзып, қайта қалпына келтіруде. Одан бөлек абаттандыру жұмысы да жүріп жатыр. Қазір мұнда 30-шақты адам жұмыс жасайды. 

Жалпы жөндеу жұмысына 325 млн теңге бөлінген. Емхананың күрделі жөндеуін ұтып алған ақтөбелік «КварцСпецСервиз» ЖШС 2019 жылдың мамырында жұмысты бастап, сол жылдың аяғында бітіріп беруі тиіс болатын. Алайда ғимараттың екінші, үшінші қабатының жұмысы аяқталғанымен бірінші қабатына келгенде жұмыстары тұралап тоқтап қалған. Кезінде, неге екені белгісіз, сордың үстіне салынған ғимараттың астынан ылғал пайда болып, іргетасының сөгілуіне дейін жеткен. Әсіресе бірінші қабатының қабырғаларында үлкен жарықтар пайда болған. 

- Бұл ақаулықтар жобалау-сметалық құжатта көрсетілмеген, тіпті кейбір қабырғалары қисайып, жөндеуге келмейтін болды. Сондықтан технадзор өткен жылдың тамызында жұмысты тоқтатып тастады. Мұнда біздің кінәміз жоқ. Осы жылдың бастапқы кезінде жөндеуді қайта бастағанымызбен, наурызда пандемияға тап болып, жұмысты тоқтатып, жұмысшыларды таратуға тура келді. Оның үстіне қаржы да уақытылы түскен жоқ. Енді қаражат бөлініп, 18 қарашадан бастап жұмысқа қайта кірістік, - дейді «КварцСпецСервис» ЖШС директорының орынбасары Серік БАКЫШЕВ. 

ЖШС басшылығы жөндеу жұмысы осы жылдың аяғында бітеді деп сендіріп отыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

30 қараша 2020, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.