Атырау, 23 желтоқсан 10:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мәскеуге базарлығын жеткізе алмады

3 471 рет қаралды

Атырау халықаралық әуежайында тексеру кезінде көлік полициясы «Атырау-Мәскеу» рейсі жолаушыларының бірінің сөмкесінен 9 келі бекіре тұқымдас балық тапты. Тергеу ұзаққа созылмады - сот ер адамға бір жарым жыл мерзімге бас бостандығын шектеу үкімін шығарды.

- Тексеру барысында сөмкенің иесі Батыс Қазақстан облысының 33 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол «Атырау-Мәскеу» рейсімен ұшып кеткісі келген екен, - деп хабарлады ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. – Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша жүргізілген.

Жыл басынан бері Атырау облысының көлік полициясы 339-бап бойынша 36 қылмыстық іс қозғап, 259 кг бекіре және 8 кг қара уылдырықты тәркіледі.

Фархат ӘБІЛОВ

Көліктегі ПД ұсынған сурет

27 қараша 2020, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.