Атырау, 18 сәуір 05:26
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Атырауда жылына 30 миллион маскадан шығаруға уәде етіп отыр

3 214 просмотра
Көрнекі сурет

Атырауда жергілікті компаниялардың бірі бір рет пайдаланатын медициналық маска шығара бастады, - деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Кәсіпкер Махмут Мералиевтің айтуынша, пандемияның «алғашқы толқыны» маскаға үлкен сұраныс тудырды. Сондықтан оның кәсіпорны қол жетімді бағамен сату үшін медициналық маска дайындай бастаған. Бірінші шығарылым Тәуелсіздік күні қарсаңында сатылымға шығады.

- Қазіргі уақытта «Доктор Хаус» ЖШС-де 20 адам жұмыс істейді. Бір рет қолданылатын маска тоқыма емес материалдан дайындалады. Қолдану мерзімі 2 сағаттан аспайды. Біз жылына 30 миллион дана мөлшерінде ересектерге арналған үш қабатты медициналық маска шығаруды жоспарлап отырмыз, - деді зауыттың бас инженері Мұхтар Махметов.

Мұхтар Махметов атап өткендей, алдағы уақытта Атырауда шығарылатын маска еліміздің барлық өңірінде сатылады. Сапаға көп мән беретін компания балаларға арналған маска шығаруды да жоспарлап отыр.

27 қараша 2020, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.