Атырау, 19 сәуір 19:13
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қаланың жеңілдік алушылар үшін жарты миллиардқа жуық қарызы бар

2 980 просмотра

«Ақылды Атырау» КМК жеке тасымалдаушыларға 457 миллион теңге қарыз болып қалды. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты бюджет қаражаты есебінен тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау саласындағы мониторинг барысында анықтады.

Қазір Атырау облысында 49 бағыт бойынша тұрақты жолаушылар тасымалымен 14 тасымалдаушы ұйым жұмыс істейді, оның 26-сы -қалалық және қала маңындағы, 4-еуі облысішілік, 17-сі - ауданішілік, 1-еуі - облысаралық және 1-еуі - мемлекетаралық.

Атырау облысының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2019 жылы жолаушы тасымалдаушыларға жалпы сомасы 1 миллиард 807 миллион 490 мың теңге, ал 2020 жылдан бастап 1 миллиард 234 миллион 200 мың теңге субсидия төленді.

- Алайда, осы уақытқа дейін кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялауға қаражат толық төленбейді; тиісінше, бұл жағдай осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерін шығынға ұшыратады, - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Бұдан басқа, тасымалдаушылар ұсынған есептеулердің дұрыстығын анықтау үшін құрылған тариф жөніндегі комиссияның құрамына заңды тұлғалар мен автокөлік қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кірмеген. Бұл мемлекеттік орган қызметінің ашықтығына күмән тудырады.

«Атырау қаласының жолаушылар тасымалы қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі өкілдерінің айтуынша, бөлінетін субсидияны жоғарыда аталған комиссия есептейді, ал жергілікті мәслихат бекіткен сома жеңілдікпен жүретін жолаушылардың шығынын жаба алмайды. Сәйкесінше, комиссия құрамында Қауымдастық өкілдері болмағандықтан, бөлінетін субсидиялар мөлшері дұрыс есептелмейді.

Осы саладағы мәселенің күрделілігі және кәсіпкерлер тарапынан туындаған талаптардың негізділігі «Атырау қаласының жолаушылар тасымалы қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің «Атамекен» ҰКП Атырау филиалына жолдаған хатында айқын көрсетілген.

Қала басшылығы мектеп оқушыларына, студенттер, зейнеткер, ардагер мен мүгедектерге және т.б. түрлі жеңілдіктер ұсынады, ал бұл жеңілдіктерді бюджет толық өтемейді.

- 457 млн теңге көлемінде көрсетілген сома тасымалдаушы орындаған жұмыс актісімен, шот-фактуралармен расталған. Бұл мәселе біздің бастамамызбен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралады, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Фархат ӘБІЛОВ 

27 қараша 2020, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.