Атырау, 19 сәуір 17:57
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Вахта жұмысшылары Конституцияға жүгінеді

3 393 просмотра

«AЖ»-ға белгілі болғандай, карантин шектеулері басталғалы компаниялардың мұнай кен орындарындағы кейбір қосалқы мердігерлер Атырау облысында тұратын жұмысшыларына облысымыздан тысқары шығуға тыйым салып, тіпті, олардан тиісті қолхат алған.

«АЖ» осыған қатысты мұнай кеніштері операторларымен байланысқа шығуға тырысты. «Теңізшевройл» жазбаша сауал жолдауды сұрады, ал NCOC баспасөз қызметі мұндай ақпаратты жоққа шығарды.

- COVID-19-ға қатысты карантин және шектеу шаралары кезеңінде NCOC компаниясы Атырау облысының немесе Атырау қаласының аумағынан шығуға тыйым салған жоқ, - деп хабарлады NCOC. - Карантин және шектеу шараларын сақтау бойынша персоналға қойылатын NCOC талаптарының барлығы толықтай сақталды және қазіргі кезде бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің, облыстық әкімдіктің және ҚР еңбек заңнамасының талаптары сақталып отыр. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлер мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың COVID-19 таралуын болдырмауға қатысты барлық шаралары, NCOC пікірінше, заңды және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзбайды.

Конституциялық құқыққа қатысты әңгіме кездейсоқ қозғалған жоқ, өйткені азаматтардың ел ішінде жүруіне шектеу қою ҚР Конституциясына қайшы келеді.

- Бұл заңсыз болар еді. Егер осындай фактілер орын алған болса, біз шара қолданамыз, - дейді Атырау облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Игілік ӘУБӘКІРОВ.– Бұдан басқа, жұмысшылардың өздері біздің инспекцияға арыз жаза алады.

Фархат ӘБІЛОВ

26 қараша 2020, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.