Атырау, 14 қазан 11:19
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Өткелден өтуге ерінсеңіз, айыппұл төлейсіз

2 946 просмотра

Жыл басынан бері Атырауда жол ережесін бұзған 5715 жаяу жүргіншіге жалпы сомасы 47,6 миллион теңгеге айыппұл салынды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі көбіне жаяу жүргіншілердің жолды сауда орындарының маңында және қиылыстарда дұрыс белгіленбеген жерден кесіп өтетінін, «осылай оңай әрі жылдам, ал өткел тым алыста, ол жерге баруға уақыт жоқ» деп ақталатынын атап өтті. Ал мұндай әрекеттер үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы («Жаяу жүргіншілердің жол жүрісі ережелерін бұзуы») бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Биыл көлік қаққан 25 жаяу жүргіншінің 15-і өткел орнатылмаған жерден кесіп өткенін талдау нәтижесі көрсетіп отыр. Таяуда қайғылы оқиға орын алды - 16 қарашада С.Датов көшесіндегі Sinoil жанармай құю бекетінің маңында Daewoo жолаушылар автобусы жолды тиесілі емес жерден кесіп өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қараша 2020, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.