Атырау, 25 қараша 18:27
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аңызға айналған футболшы Диего Марадона көз жұмды

2 937 просмотра

Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны және бас бапкері Диего Марадона қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аргентиналық Clarin басылымына сілтеме жасап.

Атақты футболшы 60 жаста еді. Марадона 25 қарашада, сәрсенбіде таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.000-да) Буэнос-Айрестегі Нордельт ауданындағы үйінде қайтыс болды. Футболшы өлімінің себебі - инфаркт. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, бірақ дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.

Айта кетейік, қараша айының басында Марадона миына қан кетіп, ауруханаға жатқызылған, 11 қарашада ол үйіне жіберілген. Ал бүгін БАҚ-тарда аргентиналықтың жүрек талмасы ұстап, ауруханаға ауыр халде жеткізілгені хабарланған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Аргентина президенті Альберто Фернандес футбол жұлдызы Диего Марадонаның қайтыс болуына байланысты үш күндік аза тұту жариялады. Аза тұту сәрсенбіден бастап жарияланады. Елде ойын-сауық шаралары тоқтатылды, тулар төмен түсірілді. Телеэфирде спортшының өмірі, мансабы және оның жеңістері туралы бағдарламалар көрсетіледі.

Диего Марадона - 1960 жылы 30 қазанда Буэнос-Айресте дүниеге келген. Аргентина футбол тарихындағы қайталанбас ең зор футболшы. Төрт бірдей әлем чемпионатына қатысқан (1982, 1986, 1990, 1994).

1986 жылы Әлем Чемпионы және 1990 жылы вице-чемпион атанды. 1979 және 1980 жылдары Оңтүстік Американың Жыл Футболшысы атaғын алды. Марадонаның сүйікті "Бока Хуниорс" клубы да осы жылдары чемпион болды. Кейін "Наполи" клубында екі дүркін Италия чемпиондығын алып берді. Кейін бапкерлікпен айналысты.

26 қараша 2020, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.