Атырау, 18 сәуір 07:26
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Коронавируспен қайта құрылып күреспек

2 937 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қайта құрылып, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті пайда болды.

Екі департамент те ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды. Қайта құру ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 қаулысына сәйкес жүргізілді.

Бұл санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің елімізде бірінші рет қайта құрылуы емес. Бұл жолы мәжілісте айтылған қатаң сын түрткі болды - депутаттар санитар дәрігерлердің коронавируспен күресті дұрыс ұйымдастыра алмай жатқанын мәлімдеген болатын.

Әзірге екі департаменттің де басшылары ресми тағайындалмаған. Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының міндетін Сүлеймен ӘУБЕКЕРОВ, ал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ атқарып отыр.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ол мынадай міндеттер атқарады: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау; мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде, тамақ өнімін бақылау мен қадағалау; техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау.

Департаменттің мекенжайы: Атырау қаласы, Гурьев к-сі, 7а.

Байланыс телефондары: 8 (7222) 354039  (қабылдау бөлімі), 8 (7222) 321418 (кеңсе).

Айнұр САПАРОВА 

25 қараша 2020, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.