Атырау, 20 сәуір 12:14
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Күнбағыс майы, қант пен жұмыртқа қымбаттады

3 063 просмотра

Атырауда 2020 жылғы 4-тоқсанға бекітілген азық-түлік құны шекті бағадан асып кеткені анықталды.

Қала әкімдігі Статистика департаментімен бірге апта сайынғы мониторинг жасау нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің 3-уінің қымбаттағаны анықталды. Күнбағыс майы – бір литрі 499 теңгеге дейін (шекті бағадан 0,5% асты), қант – бір келісі 265 теңгеге дейін (13,2%) және 1-ші санаттағы жұмыртқа - 10 данасы 339 теңгеге дейін қымбаттады (22,4%).

- Әлеуметтік маңызы бар басқа азық-түлік тауарының бағасы тұрақты, - дейді қалалық әкімшілік.

Биылғы желтоқсан айынан бастап әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру мақсатында «Атырау» ӘКК көкөністерді (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) нарықтық бағадан төмен бағамен сатуды жоспарлап отыр. Сауда базарларының басшыларымен әлеуметтік маңызы бар өнімдерге 15%-дан аспайтын тауарлық үстеме қолдану туралы келісімдер жасалды (бұл шекті бағаға кіреді). Бұдан басқа, қала тұрғындарын жергілікті тауар өндірушілердің бөлшек сауда бағасынан 10-15% төмен бағадағы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында апта сайын сенбі-жексенбі күндері «Мұнайшы» стадионының алдында, «Сарайшық» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.

«Азық-түлік бағалары негізсіз көтерілген жағдайда, бізге 32 01 69 телефоны арқылы хабарласуды сұраймыз», - деді қала әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВ біздің редакция сауалына берген жауабында.

Азық-түлікті негізсіз қымбат бағада сатуға жол берген кәсіпкерлерге қандай жаза тағайындалатынын қалалық әкімдік айтпады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қараша 2020, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.