Атырау, 25 қараша 18:17
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лукашенко өзін биліктен кетірудің жалғыз жолын айтты

2 623 просмотра

Беларусь президенті Александр Лукашенко соңғы кездері батыс елдері республика үкіметіне ықпал етіп, "қазіргі жүйені құлату мақсатында" әртүрлі амал жасап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы президент сейсенбіде Минскіде шет мемлекеттердің елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде айтты, - деп хабарлайды Тengrinews БЕЛТАға сілтеме жасап. 

"Соңғы уақытта батыс мемлекеттері Беларусьтің дамуына қатты алаңдап, уайымдап жүр және қазіргі жүйені құлату үшін Беларусь билігі мен президентіне ықпал етудің әртүрлі амалын жасап жатыр. Олар бұл процеске Ресейді қосуға да дайын, бірақ оны қалай істейтінін білмейді", - деді Лукашенко.

Президенттің айтуынша, оны биліктен кетірудің бір ғана жолы бар.

"Осыған байланысты Беларусь президентін биліктен кетіруге болатынын айтқым келеді. Бұл шынайы. Мен оның жолын ұсынамын, ол жалғыз, басқа жоқ: тек белорус халқы мұны бүгінгі заңдар мен Беларусь Конституциясы негізінде жасай алады. Беларусьта қызмет етіп жатқан батыс дипломаттарын, қазіргі кезде батыста осы мәселеге алаңдап, уайымдап жүргендерді, сондай-ақ біздің қашқындарды толғандыратын барлық сұраққа өте қарапайым жауап осындай", - деді Беларусь президенті.
25 қараша 2020, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.