Атырау, 18 сәуір 05:05
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Атырау лицейінің түлектері африкалықтарға құдық салып берді

Бейнежазба
3 597 просмотра

Атырау қаласындағы «Білім-Инновация» (қазақ-түрік лицейі) лицейінің 2005 жылғы түлектері өз қаражаты есебінен Африканың Малави мемлекетіндегі деревнялардың біріне бұрғылау арқылы ауыз су құдығын орнатты.

Жалпы, Африка елдеріне құдық орнату идеясы жаңалық емес, бірақ жерлестеріміздің ауыз су мәселесі өткір тұрған қара құрлық елдеріне көмектесуге өз үлесін қосып жатқаны қатты қуантады.

Таңдау, әрине, Малавиге кездейсоқтық түспеген. Түлектердің бірі сол жаққа жұмыс бабымен барып, сол жердегі өмір сүру жағдайын көріп, қол ұшын беруге бел буған. Атырауға келген соң, бұл туралы бұрынғы сыныптастарымен бөлісіп, олар оны бірден қолдаған.

Осылайша, өткен аптада Африканың оңтүстік-шығысындағы деревняда таза су пайда болды. Біздің сұхбаттасушымыз, ҚТЛ түлегі Асхат ХАМИДУЛЛИННІҢ айтуынша (ол аты-жөнін бірден айта қоймады), су екінші рет бұрғылағанда 55 метр тереңдіктен шыққан.

...Үнемі ештеңеге көңілі толмайтын комментаторлар одан да осыны өзімізде, Қазақстанда жасағаны жақсы емес пе, проблема жетерлік қой дейтін шығар. Мұны бәрі бірдей түсіне бермес, өйткені бұл жастарда романтика да, әлем біртұтас деген түсінік те бар.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

ҚТЛ түлектерінің видеосы

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ
Малави Республикасы - Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Ол Мозамбикпен, Замбиямен және Танзаниямен шектеседі. Халқы - 16 миллион адам.
25 қараша 2020, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.