Атырау, 22 желтоқсан 16:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қайыр сұраушылар мен «жабысқақ» такси жүргізушілеріне айыппұл салынды

2 939 рет қаралды

23 қарашада полиция қызметкерлері қайыр сұраумен айналысқандарды анықтау мақсатында мұнайлы астананың ірі сауда нүктелеріне рейд жүргізді. Сауда-ойын сауық орталығына кіреберісте өз қызметтерін «қолқалап» ұсынған такси жүргізушілері де «қолға түсті».

- Бір күн ішінде қайыр сұраған төрт адам анықталып, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы («Қоғамдық орындарда тиісу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ. – Бұл бапқа «жабысқақ» такси жүргізушілері де ілікті, оларға 4 хаттама толтырылды. Барлық құқық бұзушыларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері 449-бап бойынша 800-ге жуық адамға хаттама толтырылған, оның 100 шақтысы жеке тасымалмен айналысады.

Бұдан басқа, тұрақты мекенжайы жоқ 28 азамат бейімдеу орталығына, ал жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 93 адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Фархат ӘБІЛОВ

24 қараша 2020, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.