Атырау, 28 наурыз 22:54
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Тексерушілерді кіргізбесе - есікті бұзып кіреді

2 416 просмотра

Атырау облысының билігі карантин режимінің бұзылуын анықтайтын мобильді топтардың жұмысын күшейтпекші.

- Біз қазір әлемде не болып жатқанын көріп отырмыз, көп елдерде жағдай қайтадан қиындап кетті, еліміздің бірқатар өңірінде де жағдай мәз емес. Сондықтан біз қандай жағдайға да дайын болуымыз керек. Мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі, әсіресе, демалыс күндері. Сондай-ақ, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет, - деді облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ осы тақырыпқа арналған жиында.

Мемлекеттік шекарадан өту бекеттеріндегі бақылауды күшейту, кәсіпкерлер карантин шараларын бірнеше рет бұзған жағдайда лицензиядан айыру мәселелері де талқыланды. Ал бұл шараларды бұзушылар көп, тіпті, әлденеше рет қайталаушылар да жетерлік. Мысалы, Атырауда караоке-клубына сегізінші рет айыппұл салынды.

Айта кету керек, биылғы 5 маусым мен 20 қараша аралығында мониторинг топтары 6120 тексеру жүргізіп, 15122 нысан тексерілді. Нәтижесінде 2005 әкімшілік материал жиналып, жалпы сомасы 86 миллион теңгеге айыппұл салынды. Бұған дейін «AЖ» эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін үйлену тойларын жасырын ұйымдастырушылардың ғана емес, қонақтардың көңілін көтеретін асабалардың, фото-, видеооператорлар мен әртістердің де жазаланатынын хабарлаған еді. Сондай-ақ, мобильді топтар құрамына тексерушілер келгенде құлыптаулы тұратын мейрамхана есіктерін бұзып кіру үшін ТЖД қызметкерлері де алынбақ.

Фархат ӘБІЛОВ

24 қараша 2020, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.