Берлин орталығында елде коронавируспен күрес бойынша қабылданған шараларға қарсы наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды sputnik.kz.
Мыңдаған адам Бранденбург қақпасының алдына жиналып, бетперде тағудан бас тартқан.
Келісілген бейбіт демонстрация полициямен қақтығысқа ұласты. Тәртіп сақшылары наразылық білдіргендерді тарату үшін күш қолданды: көз жасаурататын газ және суатқыштар. Үш жүзден астам адам ұсталды.
Германия парламенті наразылыққа қарамастан халықты инфекциядан қорғау туралы заңға түзетулер қабылдады. Олар федералды денсаулық сақтау министрлігінің пандемия кезінде шектеу шараларын қатаңдату бойынша өкілеттігін кеңейтеді.
Заңға қарсы шыққандар билік азаматтардың құқығын бұзып отыр деп санайды.
Карантин мен шектеулерге қарсы наразылық акциялары Еуропаның көптеген мемлекетінде өтіп жатыр. Мәселен, Франция, Испания, Италия, Чехия және Словакияда халықтың үкіметтің шараларына көңілі толмайды.