Атырау, 25 қараша 18:17
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК+ альянсынан шығуы мүмкін - БАҚ

2 818 просмотра

Біріккен Араб Әмірліктері өзінің мұнай одақтастары - Сауд Арабиясы мен Ресейге қатысты қысымды күшейтті. Бұл ел ОПЕК+ алянсынан шығуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости Bloomberg-ке сілтеме жасап.

"Бұл - ерекше қадам. Өйткені БАӘ көптен бері келіспеушіліктерді көпшілікке жарияламай шешуді ойлап, ешкімнің назарын аудармай жанжалдасудан қашты. Альянстан шығу туралы ескертуі мұнай өндіру туралы келіссөзді тездету үшін жасады ма, әлде шынымен саясатты талқылау аясында қарастырды ма - түсініксіз", - деп жазады Bloomberg.

Басылым дереккөзінің мәліметінше, Сауд Арабиясы мен БАӘ арасындағы қысым жаздың соңында күшейді. Ол кезде БАӘ ОПЕК+ келісімінде қарастырылған квотадан тыс мұнай өндіру көлемін арттырған. Енді БАӘ квотаны бөлу тәртібімен келіспейді: ел үкіметі оны әділетсіз деп есептейді.

Дегенмен БАӘ ресми өкілдері ОПЕК+ альянсынан шығу туралы мәлімдеме жасамады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

19 қараша 2020, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.