Атырау, 12 мамыр 01:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Қарабатан тұрғындары Атырауға көшіп келді

3 745 просмотра

Атырау облысындағы Қарабатан станциясының тұрғындары облыс орталығының «Жұлдыз» ықшам ауданындағы үйлердің біріне көшірілді. Бұл - екі бөлмелі пәтер алған 27 үйдегі 210 адам.

Қарабатандықтардың проблемасы «АЖ»-да бірнеше рет көтерілді. Жергілікті тұрғындар газы, жарығы, жолы жоқ болғандықтан, ең бастысы - денсаулыққа зиянын тигізетін «Болашақ» зауытына өте жақын орналасқандықтан көп жылдар бойы өздерін қалаға көшіруді сұрап жүрген болатын.

Қарабатандықтар Атырау әкімдігінің кешенді шаралары аясында қоныстандырылды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл тозығы жеткен 5 үйдің тұрғындары (Әуезов 22, Дружба 14, Бірлік, АТП 2,3) және 5 жатақхана (Геолог 65, 66, Дружба 1, Құнанбаев 30 «а », Гагарин, 124) жаңа пәтерге көшті. Жыл соңына дейін Молдағалиев, 30, 33 және Төлебаев, 44 мекен-жайындағы жатақханаларды жаңа пәтермен қамту жоспарланып отыр.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

19 қараша 2020, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.