Атырау, 12 мамыр 03:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Әкім коронавирустың неліктен өршіп кетпегенін түсіндірді​

2 353 просмотра

Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында 2020 жылдың аяғына дейін Теңіз кенішінде 35 мыңға жуық жұмысшының жұмыстарын қайта жалғастыратынын хабарлады.

Оның ақпараты бойынша, бүгінде кен орнында 27 мыңға жуық адам жұмыс істейді, ал ақпан айында пандемия басталғанға дейін ол жерде 50 мыңдай адам жұмыс істеген.

Естеріңізге салсақ, Теңіз өңірдегі коронавирус инфекциясының үлкен ошағына айналғаннан кейін жұмысшыларды ауқымды демобилизациялау басталған еді - олардың саны 14 мыңға дейін азайды, бұл әкімнің айтуынша, санитарлық шаралар өткізуге, дезинфекциялауға және аурудың өршуін тоқтатуға мүмкіндік берген.

- Қазір адамдар аймақтар бойынша бөлініп, түрлі учаскелердегі жұмысшылар бір-бірімен кездеспейтін жұмыс режимі ұйымдастырылды. Бір-бірінен барынша оқшаулау, санитарлық және маска режимі сақталады, - деді Досмұхамбетов.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

19 қараша 2020, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.