Атырау, 14 мамыр 12:31
 ашықВ Атырау +19
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

Нұрсая-2-де жеті үй жылусыз қалды

Толықтырылды Бейнежазба
3 079 просмотра

Бүгін, 18 қарашада Атырауда Нұрсая-2 ықшам ауданында құбыр жарылып, көп қабатты бірнеше үйдің тұрғындары жылусыз қалды. Ал таңертең термометрлер 13 градус аязды көрсетіп тұрды.

Сәл кейінірек қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 18 қарашада Нұрсая-2 ықшамауданында 2015 жылы жүргізілген кварталдық желілердің жылу құбырларынан су кетіп тұрғаны анықталды, деп хабарлады. 7 үйге жылу беру тоқтатылды. Жөндеуге 4 вакуум, 1 манипулятор тартылды. Қазіргі уақытта суды екі вакууммен сорып жатыр. Апатты жою үшін ТКШ, жылу жүйелері және «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС қызметкерлері бірлесіп жұмыс істеуде. Жөндеу жұмыстары 3 сағат ішінде аяқталады.

«Суық» үйлердің бірінің тұрғындары AЖ»-ға хабарлағандай, түстен кейін жылу әлі берілмеген.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

18 қараша 2020, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.