Атырау, 15 мамыр 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 440.90
€ 475.95
₽ 4.82

«Инфекционка» екінші толқынға дайындалып жатыр. Жаңа модульді аурухана әзір

2 748 просмотра

Ел ішінде «инфекционка» деген атпен танымал №2 Атырау облыстық ауруханасы коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр. Стационардың жансақтау бөлімінде кереуеттер саны 15-тен 25 кереуетке дейін көбейтілген.

Бұл туралы аурухананың директоры Мағжан СИДЖАНОВ онлайн-брифинг барысында мәлімдеді. Бірінші толқын кезіндегі стационардың жұмысы туралы айта отырып, ол сол күндері 150 пациенттің жансақтау бөліміне түскенін атап өтті. Басқа пациенттердің арасында 129 жүкті әйел мен 32 бала КВИ-ден ем алды.

Ауруханада 25 дәрігер жұмыс істейді, бұдан басқа, пациенттер көбейген жағдайда медиктер резерві бар. Дәрі-дәрмек қоры 2 айға есептелген. Жақында Сарыөзек ықшамауданында 180 стационарлық кереуетке, жансақтау және қарқынды терапия бөліміне 20 кереуетке арналған 200 орындық жаңа модульді аурухана пайдалануға берілді.

Ол жұқпалы ауруларды емдеу үшін арнайы ашылған. Жаңа емдеу мекемесі медициналық қалдықтарды залалсыздандыру жүйесімен, машиналарды дезинфекциялау пунктімен, оттегі концентраторымен, оттегімен және медициналық газбен жабдықтайтын орталықтандырылған жүйемен жарақталған. Барлық палата оттегі беру желісімен қамтамасыз етілген, бұл әр палатада ауыр және аса ауыр науқастарды емдеу үшін қарқынды терапия жүргізуге мүмкіндік береді.

Облыс тұрғындары өздері немесе жақын адамдары КВИ белгілерін сезінген жағдайда не істеу керекпіз деп қатты алаңдайды.

- Біріншіден, өзіңіздің жергілікті емханаңызға хабарласуыңыз керек, қазір барлық БМСК кіреберістерінде пациенттерді сұрыптайтын сүзгілер жұмыс істейді, - дейді №2 облыстық аурухананың COVID-19 бөлімшесінің меңгерушісі Нұрфия ҚИЗАТОВА. - Егер емханаға жете алмасаңыз немесе басқаларға инфекция жұқтырамын деп қауіптенсеңіз, онда ол жерге онлайн арқылы жүгініңіз. Емханаларда үйге баратын мобильді топтар жұмыс істейді.

Медициналық қызметтердің барлығында тексеру сауалнамасы бар, соған сүйене отырып, олар пациентті ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдай алады. Пациенттерге арналған бақылау парақтары арқылы пациенттер өз жай-күйін бақылай алады. Ауру белгілері байқалмайтын және жеңіл түрде ауырған жағдайда үйден емделіңіз. Бақылау парағында жасалу қажет нәрселер айтылады, атап айтқанда, дене қызуын күніне екі рет өлшеу керек, егер пульсиметр болса, сатурацияны да өлшеу керек. Орташа және ауыр жағдайда ауруханаға жату қажет.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

17 қараша 2020, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.