Атырау, 23 желтоқсан 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Жабылмайтын" караоке

Сурет
3 125 рет қаралды

Атырауда караоке клубы карантин режимін сегізінші рет, ал мейрамхана үшінші рет бұзды.

Мобильді топ құрамындағы полицейлер облыстың бас дәрігерінің 20 қазандағы қаулысы бойынша тыйым салынғанына қарамастан «Рыба моей мечты» караоке-клубының жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Бұл мекеме карантин режимін сегізінші рет бұзған.

Карантин шектеулерін үшінші рет бұзған «Китайка» мейрамханасы да одан қалыспай, сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеп тұрған. «Баку» мейрамханасы да кешкі уақыт шегінен артық жұмыс істеген.

Осы заң бұзушылықтар туралы хаттамалар Атырау қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді ПД баспасөз қызметі ұсынды

13 қараша 2020, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.