Атырау, 6 мамыр 22:21
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Француздардың 60 пайызы карантин талаптарын сақтамайды – сауалнама

2 477 просмотра

Франция тұрғындарының үштен екі бөлігі локдаун талаптарын бұзған. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Карантинге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, Францияның шамамен 60 пайыз тұрғыны екінші локдаун енгізілген соң карантин шараларын сақтамай жүргені анықталды. Респонденттердің шамамен төрттен бір бөлігі көшеге шығу үшін қажетті рұқсатнаманы толтырған кезде, үйден не үшін шығып отырғаны жайында жалған ақпарат бергенін мойындаған. 

Жалпы алғанда, француздар екінші локдаунды аса елемей отыр. Бірінші жалпыға ортақ карантин кезінде сауалнамаға қатысқан адамдардың 40 пайызға жуығы ереже бұзған. Үйден шығу үшін жалған ақпарат беруден басқа, олар үйлерінде туыстарын жинап, немесе достарымен кездесіп жүр. Сұралғандардың шамамен 9 пайызы сүйіктісімен кездесу үшін үйден шыққанын айтқан. Бірінші локдаун кезінде мұндай адамдар саны небәрі 6 пайызды құраған еді.

Сауалнама барысында күздің соңына түскен екінші локдаун біріншісіне қарағанда адамдардың моральдік жағдайынан қатты әсер еткені де анықталған. Сұралғандардың шамамен 28 пайызы қайғы-уайым сезініп жүргенін жеткізген. Көктемгі карантин кезінде мұндай сезімде шамамен әрбір бесінші адам болған. 

Елдің премьер-министрі Жан Кастекс локдаун мерзімі қысқармай, керісше бір айға ұзару ықтималдығы туралы айтты.

13 қараша 2020, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.