Атырау, 12 мамыр 01:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Семейге жасалған "сыйлық"

2 713 просмотра

Семейдегі Абай алаңы. Фото: Экспресс-К

Абайдың 175 жылдығына орай, Атырау облысының әкімдігі Семей қаласындағы көпқабатты үш үйдің ауласын жөндеп бермек болған, бірақ жергілікті тұрғындар бұл «сыйлыққа» наразы болып шықты.

Жұмысшылар асфальттарды қопарып, ауланы қазып, тіпті, ойын алаңын да бұзып тастаған. Содан соң құрылыс жұмыстары аяқсыз қалып, тұрғындардың үйлеріне кіріп-шығуы қиындап кеткен.

Бәрін қопарып, қазып кетті. Бұл жерде қарттар да, кішкентай балалар да тұрады. Оларға да қиын болып тұр. Жаңбыр жауса балшық болып, қыста аяз болса тайғанап құлайтын түріміз бар. Басқа аулалардікін басқа облыстар аяқтап тастады. Тек біздің аула осылай тас-талқан болып жатыр, - дейді Семей тұрғыны Нұргүл ЖАҚЫПОВА.

Тұрғындар Семей қалалық әкімдігіне шағымданған, бірақ нәтиже болмады, өйткені бұл жергілікті биліктің бастамасы емес, мерейтойға сыйлық болатын.

«АЖ» сауалына Семей қалалық ТКШ бөлімі: «Атырау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қаржы мәселесінде қиындықтар болған, бірақ қазір ол шешілді, аулаларды абаттандыру жұмыстары алғашқы қар жауғанға дейін аяқталады», - деп жауап берді.

Атырау облысы әкімдігі бұған қатысты «АЖ» сауалына жауап бермеді. Енді Ұлы Абайдың жерлестерінде атыраулық шенеуніктерді күтуден басқа амал жоқ. 

Фархат ӘБІЛОВ

19 қараша 2020, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.