Атырау, 25 қараша 18:29
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркияда коронавирусқа байланысты темекі тартуға тыйым салынды

2 793 просмотра

Түркияда адам көп жүретін көшелер мен аялдамаларда шылым шегуге тыйым салынды, деп хабарлайды sputnik РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

"Бұған дейін азаматтар барлық қоғамдық орында бетперде тағуға міндеттелген еді. Бірақ, темекі шеккен кезде адамдар маскасын шешеді, төмен түсіре салады, яғни дұрыс пайдаланбайды. Осыған байланысты 12 қарашадан бастап барлық провинцияда адам көп жүретін көшелер мен қоғамдық көлік аялдамаларында темекі тартуға тыйым салынды", - делінген Түркия ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Билік "вирус ағзаға тыныс алу жолдары арқылы кіретіндіктен, бетпердені үнемі тағып жүру қажет" екенін ескертті.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Түркияда пандемия екінші шарықтау шегіне жеткенін мәлімдеді. Сәрсенбі күні 2693 адамда коронавирус диагнозы анықталған,бұл 29 сәуірден бергі ең жоғары көрсеткіш.

Індетке шалдыққандардың жалпы саны 400 мыңнан асты, 11 мың науқас қайтыс болды.


12 қараша 2020, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.