Атырау, 25 қараша 18:28
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ереванда Қарабақты бергеннен кейін бүлік шықты

2 782 просмотра

Ереван орталығында мыңдаған адам жиналды. Олар Таулы Қарабақтағы бейбіт келісімге келу мен Әзербайжанға территорияны беру туралы мәлімдемеге наразы болды, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Наразы топ Армения парламентінің ғимаратына басып кірді. Олар бірінші қабаттағы терезені сындырып, қабырғадағы жазбаларды құлатты, есіктерді сындырды. Үкімет кабинеттеріндегі компьютерлерді, жиһаз бен микрофондарды қиратты. Үкімет алдындағы алаңда атысқа ұқсас дыбыстар естілді.

Митингіге шыққандар арасында жүрген "Гүлденген Армения" оппозияциялық партиясының депутаты Ивета Тоноянның айтуынша, оппозиция премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап еткен.

"Бүгін біздің тарихымыздың ең масқара парағы жазылды. Бірнеше сағат бұрын "Гүлденген Армения" және бірнеше партия премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Осынша жасалғаннан кейін отставка Пашинян үшін аз болып тұр. Біз мұнда адамдардың ашуын басу үшін келдік. Ашуы орынды. Мұнда әкесі, бауыры, ұлы соғыста жанын берген адамдар. Қоғамның пікірімен санаспай, қаламмен қол қоя салып, жерді, Шушаны беру туралы шешім шығарды", - деп келтірді депутаттың сөзін Sputnik Армения.

Кейін наразы топ парламент ғимаратына кірді. Күзет оларға тосқауыл қоюға тырысқан, алайда олар күзетшілерді итеріп кіріп, мәжіліс залына жетті. Залдағы мінберге кез келген адам тұрып, Қарабақтағы әскери қимылды жалғастыруды талап етті. 

Наразылық білдірушілер парламент спикері Арарат Мирзоянды соққыға жықты. Олар Мирзоянды көліктен күшпен шығаруға тырысып, реніштерін жеткізді. Әскерилер спикерді қорғауға мәжбүр болды. 

Басында күзетшілер мен наразы топтың арасында кішігірім төбелес болды, кейін ер адамдар Мирзоянды ұстап, ұрып тастады.

Ал Армения премьері Никол Пашинян Ереванда бүлік жасаған барлық азамат жауапқа тартылатынын айтты.

"Бүгінгі қылмысты ұйымдастырғандардың бәрі қатаң жазаланады", - деді Пашинян Facebook желісінде тікелей эфирде.
10 қараша 2020, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.