Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.
Әзірбайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі:
Әзірбайжан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, 9 қарашада сағат 18: 30-да Армения-Әзірбайжан мемлекеттік шекарасының Нахчыван учаскесінде Ресей Федерациясының Ми-24 әскери тікұшағы атып түсірілді.
Осыған байланысты келесі мәселені атап өту керек:
- тікұшақ Армения-Әзірбайжан мемлекеттік шекарасына өте жақын маңда ұшты, ал Армения-Әзірбайжан Таулы Қарабақ қақтығыс аймағында белсенді әскери қақтығыстар жалғасуда.
- тікұшақ қараңғыда, төмен биіктікте, яғни әуе қорғанысы радиолокациялық зонасынан тыс жерде жүрген.
- РФ Әуе күштерінің тікұшақтары көрсетілген аумақта бұрын-соңды болмаған.
Осы факторлардың аясында және аймақтағы шиеленісті жағдайды және жауынгерлік әскери дайындық шебін ескере отырып және армян жағының ықтимал арандатуларына байланысты кезекші әскери топ тікұшақты жою үшін оқ атуға шешім қабылдады.
Әзірбайжан ресейлік тараптан кездейсоқ сипатқа ие қайғылы оқиғаға байланысты кешірім сұрайды.
Әзербайжан тарапы қаза тапқан экипаж мүшелерінің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және жараланған адамдарға тезірек сауығып кетуін тілейді.
Әзербайжан тарапы тиісті өтемақы төлеуге дайын екендігін мәлімдейді.