Атырау, 25 қараша 18:15
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​COVID-19 вакцинасына қатысты жаңалықтан соң мұнай 10%-ке қымбаттады

2 503 просмотра

Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы вакцинасын сәтті сынақтан өткізуіне байланысты мұнайдың әлемдік құны 10%-ке өсті, деп хабарлайды Sputnik.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 10,11 процентке қымбаттап барреліне 43,44 долларға дейін жетті. Ал желтоқсан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 41,28 доллар болды.

Бұған COVID-19 вакцинасына қатысты жаңалық себеп. Pfizer және BioNTech компаниялары коронавирусқа қарсы вакцинасы сәтті сынақтан өткенін хабарлаған болатын. Қорытындыға сәйкес, вакцина 90 процентке тиімді екенін көрсетті. Оны АҚШ-та тіркеу өтініш қараша айында беріледі деген болжам бар.

Бұл трейдерлердің экономиканың қалпына келуіне қатысты қаупін біршама сейілтті. Бұған қоса, мұнайға деген сұраныс бойынша болжамды қолдады.

9 қараша 2020, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.