Атырау, 6 мамыр 05:58
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Ақжайық" резерватында құстар қырылуда

Бейнежазба
3 892 просмотра

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында құстардың жаппай қырылуы тіркелді.

4 қарашада резерват қызметкерлері 16 құстың - 11 суқұзғын мен 5 шағаланың өлексесін тапты. Келесі күні мониторинг кезеңінде тағы 20 суқұзғынның өлексесі табылды.

«АЖ»-ға аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілі Мереке ШАЛҚАРОВТЫҢ хабарлауынша, 6 қазанда резерваттан 6 өлі суқұзғын табылған, ал 7 қарашада тағы 7 құстың өлексесі табылыпты.

- Құстар неден өлуі мүмкін?

- Құстардың қырылу себебі анықталып жатыр. Ветеринариялық зертханамен бірлесе отырып, биоматериалдар алып, Нұр-Сұлтандағы «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа» жібердік. Экология департаментінің мамандары резерваттан зертханалық талдау үшін су, топырақ және ауа сынамаларын алды. Нәтижесін күтеміз. Қазір резерват қызметкерлері өлген құстарды өртеп жатыр.

Шалқаровтың айтуынша, резерватта құстар бірінші рет қырылып отыр.

- Біз облыс бойынша күнделікті мониторинг жасауды бастадық. Барлық ауданды қызметкерлеріміз аралап, жабайы құстар мен жануарлар қырылып жатыр ма, жоқ па, ақпарат жинайды, - дейді инспектор.

Естеріңізге салсақ, 2013 жылы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи қорығының акваториясына кіретін Шалыға аралында шағала жаппай қырылды. Сол кезде 1250 өлген құс табылды.

Айнұр САПАРОВА

Бейнежазбаны «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ұсынды

7 қараша 2020, 18:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.