Атырау, 6 мамыр 11:21
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Журналистер «Халық алғысы» медалімен марапатталды

3 010 просмотра

Атырауда өңірдегі COVID-19 пандемиясына қатысты ахуалды белсенді түрде хабардар етіп отырған журналистер «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Қауіпті инфекция басталған кезде көптеген БАҚ қызметкерлері коронавирус майданының алдыңғы шебінде жұмыс істеді, маңызды жаңалықтарды хабарлап, дәрігерлердің жұмысын жариялады, пандемия кезінде туындаған түрлі әлеуметтік-қоғамдық проблемаларды көтерді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Редакцияда COVID-19 пандемиясы тақырыбының жан-жақты қамтылуына атсалысқан әріптесіміз, «Ақ Жайық» газетінің журналисі Зульфия ИСКАЛИЕВА лайықты марапатқа ие болды.

Марапатталған басқа әріптестеріміздің қатарында - «Атырау Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Серік ҚАБДОЛОВ, «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Әлия ЖАМИТОВА, atr.kz сайтының редакторы Баян ЖАНҰЗАҚОВА, «Атамекен» телеарнасының тілшісі Динара БАҒЫТОВА, «CaspianNews» телеарнасының журналисі Карина ДУРЖАНОВА, «Атырау» телеарнасының редакторы Жұлдыз ТІЛЕУХАН, Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің фототілшісі Расул СЕРІКОВ және М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Жанат ТЕЛТАЕВ бар.

«Халық алғысы» медалі - 2020 жылы 8 маусымда бекітілген ҚР мемлекеттік наградасы. Бұл марапат білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті еңбек етіп жүрген, сондай-ақ COVID-19 пандемиясына қарсы күресте ерекше көзге түскен қазақстандықтарға беріледі. 

Әріптестерімізді құттықтай отырып, оларға мықты денсаулық тілейміз!

«АЖ» редакциясы

7 қараша 2020, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.