Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Хабарлағаны үшін сыйақы алады

3 313 рет қаралды

Жемқорлық қылмысы туралы ақпар бергені үшін азаматтар 10 млн теңгенің үстінде қомақты қаржыға қол жеткізуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Айдос МАМЫТ хабарлады.

Азаматтардың 1424 нөмірі бойынша CaII-орталығы арқылы арыздануы өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда үш есеге дейін артқан. Осы мерзім ішінде 20 хабарлама түсіп, екеуі бойынша нақты шешімдер қабылданып, хабарланған фактілер расталған. Тиісті органдарға жемқорлық қылмысы туралы ақпар бергені үшін азаматтарға 30-дан 4000 АЕК-ке дейінгі көлемде ақы төленуі мүмкін. Егер, хабарланған факті расталып, сот үкімі күшіне енсе, қылмыстың аса ауыр, ауыр, орта және жеңіл түріне қарай ақы төленеді.

Жемқорлыққа қарсы күрес депатаментінің қызметкерлері мәлімдегендей, әзірге аса ауыр қылмыс бойынша хабарлама түспеген. Дегенмен, өзге санаттағы қылмыстар жөнінде 44 азамат хабарласып, жалпы сомасы 6 млн теңгеден астам төлемақы алған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қараша 2020, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.