Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

800-ден астам отбасылық жанжалқой жауапқа тартылды

3 257 рет қаралды

Атырауда отбасылық-тұрмыстық саласындағы қылмыстар саны едәуір азайды.

- Олар негізінен ерлі-зайыптылардың, көңілдес адамдардың мас күйде, материалдық табысы төмен отбасыларда жанжал нәтижесінде орын алады. Зорлық-зомбылық құрбандары, әдетте, әйелдер, қарттар мен балалар, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Бас полицейдің айтуынша, жыл басынан отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар 63,6%-ға азайған. 4000-нан астам хабарламалар түсіп, 803 адам жауапкершілікке тартылған, ұрып-соққан – 228, қорғау нұсқамасын бұзған – 78, «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша - 175 адам.

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында полиция қызметкерлері «Шаңырақ-2008» үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп, «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізуді жоспарлап отыр. Қала шетінде орналасқан ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, сауалнама өткізеді.

Естеріңізге салсақ, Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсететін дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Ол Алмагүл ықшамауданы, №4 үйде орналасқан. Мұнда тәулік бойы 46-60-60 сенім телефоны қызмет көрсетеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қараша 2020, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.